Жаңалықтар тізбегі
0

Ресей астығын Қазақстандікі деп сатқан шетелдік сотталды

Ресей астығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2023 17:52 Сурет: freepik
Павлодар қаласының № 2 соты Орталық Азия елдеріне және Ауғанстанға бидай сатқан Тәжікстан Республикасының азаматы М.А-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Ол 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық іс ҚР ҚК 195-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланды.

"2021 жылдың тамызы мен 2023 жылдың ақпан айлары аралығында М. А. "Кавсар-Агро" ЖШС-ның құрылтайшысы және директоры, "Зарият" ЖШС-ның директоры бола отырып, халықаралық көліктік транзиттік тарифті төлеуден жалтару ниетінде алдап-арбау жолымен астық өнімдерін Ресей Федерациясының аумағынан сатып алып, содан кейін оны Қазақстан территориясына жүк автокөлігімен жеткізген. Одан соң бұл өнімді қазақстандық астық ретінде Орталық Азия мен Ауғанстан елдеріне жеңілдетілген тариф бойынша экспорттаған", делінген Павлодар қаласы сотының хабарламасында.

Сондай-ақ М. А. тауарды Қазақстанға тиесілі екенін көрсететін жалған құжаттарды пайдаланған. Осылайша, квазимемлекеттік сектор кәсіпорынға жататын ҚТЖ-ның Жүк тасымалына халықаралық транзиттік тарифті төлеуден жалтарған.

Сот баяндамасындағы мәліметке сәйкес, жәбірленуші заңды тұлғаға келтірілген мүліктік залалдың жалпы сомасы 467 179 034 теңгені құрайды.

Прокурор сотталушыға 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жәбірленуші тарап жазаның ең жоғары мерзімін тағайындауды, сондай-ақ одан материалдық залал сомасын өндіріп алуды сұрады.

Тәжікстан азаматы өз кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмауды өтінді.

ҚР ҚК-нің 195-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыс жазасы 5 жылға дейін бас бостандығын шектеуді қарастырады әрі ол ауырлығы орташа қылмыстарға жатады.

"М. А-ның кінәсін жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, яғни сотталушының өз кінәсін мойындауы, жасаған ісіне өкінуі, соттылығының болмауы, асырауында төрт жас баласының болуы, 1 000 000 сомасында залалды ішінара өтеуі және ауырлататын мән-жайлардың болмауын, қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін, мүліктік зиянның ірі мөлшерінің өтелгенін ескере отырып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру, коммерциялық ұйымдарда 2 жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады", делінген сот шешімінде.

Сондай-ақ сотталушыдан жәбірленуші заңды тұлғаның пайдасына 466 179 034 теңге мөлшерінде материалдық залал өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: