Алматы облысында жұмыс орнында медбикені пышақтап кеткен күдікті ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Ұсталған күдікті қайғылы оқиға әйелдің кәсіби қызметіне байланысты емес, жеке қарым-қатынас тұрғысынан орын алғанын жеткізген, деп хабарлайды Zakon.kz.
7 тамызда сағат 17:00 шамасында Қарасай ауданының ауруханасына кеуде қуысының жарақатымен 45 жастағы әйел түскенін, кейін ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болғаны хабарланған.
"Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша аудандық полицияда тіркелді. Арнайы іс-шара барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы Кошмамбет ауылының тұрғыны болып табылатын күдіктінің жеке басын анықтап, оны бір сағат ішінде "ізін суытпай" ұстады. Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сот- медициналық сараптама тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде, делінген полиция хабарламасында.
Қылмыс марқұм әйелдің жұмыс орнында жасалғанын атап өткен жөн.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript