Қостанайда полиция қызметкері көлігімен бірге суға батып кеткен

Қайғылы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2022 22:46 Сурет: Zakon.kz
Қайғылы оқиға Қостанай облысында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл 28 сәуірде Қостанай облысының Әулиекөл полиция бөлімінің учаскелік инспекторы өзіне бекітілген учаскеде рейдтік жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізді.

Дегенмен онымен байланыс үзіліп, іздеу жұмыстары ұйымдастырылды. Жергілікті жерді тексеру кезінде су қоймасы түбінен көлік табылды, салоннан учаскелік полиция қызметкерінің денесі табылды. Сырттай қарау кезінде одан зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу және қызметтік тексеру басталғанын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: