Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғанда полиция қызметкерлері жекеменшік көліктерімен патрульге шыққан

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2023 21:09 Сурет: видеодан алынды
Талдықорғанда полиция қызметкерлері өздерінің жеке көліктерімен патрульге шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның видеосы бір күн бұрын Instagram-дағы Taldykorganec_insta парақшасында пайда болды.

Видеодан көрініп тұрғандай, полиция қызметкері белгісіз ер адамға хаттама толтырып жатыр. Кейінірек белгілі болғандай, арнайы белгісі жоқ жерден жолды кесіп өткен жаяу жүргіншіге айыппұл салынған. Алайда, желі қолданушылары "Нива" маркалы жеке көлікпен патрульге шыққан полицейлердің әрекетіне таң қалған. 


Аталған мәселеге қатысты Zakon.kz тілшісі Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді. Олар қызметкерлердің жеке көлікпен патрульдеу фактісін растады. Дегенмен ПД-дағыдар бұған заңмен тыйым салынбағанын жеткізді. 

Полициядағылар 12 учаскелік инспектордың тек екеуіне қызметтік автокөлік қарастырылғанын, осыған байланысты олар жеке көлікпен патрульге шығуға мәжбүр екенін айтады.

"Видеода полицейлердің  іс-әрекеттерінен қандай да бір заң бұзушылықтар байқалған жоқ. Қаланың көрсетілген бөлігіне (3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 ы/а., қала маңы және арнайы қалашық) полицияның 12 учаскелік инспекторы қызмет көрсетеді, олардың қолданысында тек екі қызметтік автокөлік бар. Осыған байланысты учаскелерді аралауда, көбінесе қызметкерлер жеке автокөліктерін пайдаланады", – деп хабарлады Жетісу облысы ПД.


Бұл күндері облыс орталығында 15 тамызға дейін жалғасатын "Қауіпсіз жол" профилактикалық шарасы пысықталып жатыр. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: