Талдықорғанда құрылыс басында шетел азаматы биіктен құлап кетіп, мерт болды

Полиция қызметкерлері Талдықорғанда құрылыс объектісінде еңбек мигрантының қаза табу фактісі бойынша тергеу жүргізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 қарашада құрылыс нысандарының бірінде жұмысшы қаза тапты.
24 жастағы жігіттің салынып жатқан ғимараттың 4-ші қабатынан абайсызда құлап қаза болғаны анықталды. Марқұм көрші елден еңбек мигранты ретінде келген шетелдік азамат болып шықты, - дейді полиция қызметкерлері.
ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы (Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript