Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында ШОБ субъектілері арасында дөңгелек үстел өтті

ШОБ, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2023 21:20 Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Елордалық ҚАЖ департаменті "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, Астанадағы №2 мекеме аумағында жұмыс істеу үшін шағын және орта бизнес субъектілерін тарту бойынша дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментімен сотталғандардың жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының елордалық базасында 2023 жылдың 3 тамызында Астана қаласының шағын және орта бизнес субъектілері үшін дөңгелек үстел өткізілді. 

Дөңгелек үстелге 15-ке жуық шағын және орта бизнес субъектілері қатысты, кәсіпкерлерге Астана колониясында орналасқан жұмыс орнын ашуға болатын бос тұрған ғимараттардын фото-слайдтары көрсетілді.    

Аталған кездесу барысында келушілерге "Еңбек" РМК филиалдарында жұмыс істейтін халық тұтынатын тауарларды дайындау цехы, темір - бетон бұйымдарын дайындау цехы, тігін бұйымдарын дайындау бойынша 2 цех, ағаш өңдеу цехы сияқты өндірістік цехтардың шығарылатын өнімдері ұсынылды.

"Сотталғандарды жұмысқа орналастыру қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады  Еңбекпен айналысатын сотталғандар арасында жаза өтеу тәртібін бұзу деректері әлдеқайда аз, сондай-ақ ақылы жұмыспен қамтылғандар сотпен тағайындалған қарыздарын өтейді, жақын адамдарына ақшалай көмектеседі, бұл өз кезегінде сотталғандардын туыстарымен әлеуметтік байланыстарды сақтай отырып, нәтижесінде олар босатылғаннан кейін қоғамға әлеуметтік бейімделу мәселесін жеңілдетеді".  Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі


ШОБ, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2023 21:20

Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: