Алматы маңында тас жол үстінде көкпар тартқан атты топ адам полиция назарына ілікті
Сурет: видеодан алынды
Алматы облысында ат мінген 10 адам тас жол бойында көкпар тартқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желідегі видеодан Құлжа тас жол бойында аттағы топ адамның көкпар тартып жүргенін көруге болады.
"14 тамызда әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Талғар ауданындағы тас жолдардың бірінде 10 адамнан тұратын топ адам ұлттық ойын - көкпар тартып, сол арқылы көлік құралдарының жол қозғалысына кедергі келтірген видеосы анықталғанын хабарлаймыз", делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің түсініктемесінде.
Аталған дерек Талғар ауданының ПБ-да дереу тіркелді.
Тексеру барысында оқиғаның 12 тамыз болғандығы анықталды, қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды.
Іс материалдары сотқа жолданылып, оның шешімі бойынша кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапқа тартылатын болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript