Алматы облысында көкпар тартқан жігіттер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Көкпар, Қонаев қаласы, әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2023 17:27 Сурет: wikimedia
2023 жылдың 2 қыркүйегінде сағат 21:40-та Қонаев қаласы, "Береке" дәмханасы жанындағы Алматы-Өскемен республикалық маңыздағы тас жол бойында бір топ адам көкпар тартып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2 қыркүйекте 1979 жылғы азамат баласының туған күніне орай Қонаев қаласының шетінде "Көкпар"  ұлттық спорттық іс-шарасын ұйымдастырып, оған басқа аудандардың спортшылары қатысқаны анықталды. Тәртіп сақшылары іс-шараның ұйымдастырушысы мен қатысушыларын Қонаев қалалық полия бөліміне жеткізді", - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов. 

Қазіргі уақытта барлық адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434, 406, 590-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, жаза қолданылғаны да нақтыланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: