Маңғыстау облысының прокуроры инвесторлармен кездесті
Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуге облыс әкімінің бірінші орынбасары және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Кездесудің мақсаты проблемалық мәселелерді талқылау және облыстың инвестициялық ахуалын жақсарту.
Руфат Құттықов өз сөзінде прокуратура органына маңызды инвестициялық жобаларды бақылау және айналасындағы процестерді сүйемелдеу тапсырылғанын атап өтті.
Сондай-ақ, өңірде фронт-офис ашылғанын, оның міндеттеріне инвесторлардың бұзылған құқықтарын қорғау және уақтылы қалпына келтіру, консультациялық-құқықтық қолдау, мәселелерді шешуге жәрдемдесу, қызметті сүйемелдеу және проблемалық кейстерді тыңдау кіретінін хабарлады.
Инвесторлардың хабарламаларына жедел ден қою үшін прокуратураның бастамасымен "WhatsApp" мессенджерінде "Инвесторларды қорғау" чаты құрылды.
Кездесуде инвесторлар бірқатар ұсыныстарын білдірді, оның ішінде, жер учаскелерін жалға алудың қысқа мерзімін, жекелеген салаларды субсидиялаудың болмауы және салық салу саласындағы преференцияның жеткіліксіздігін атап өтті.
Жалпы өңірде ұлттық пулға енгізілген 972 млрд теңгеге 29 жоба іске асырылуда, оның ішінде, 8 жоба арнайы экономикалық аймақ қатысушылары болып табылады.
Кездесу қорытындысымен кейбір проблемалық мәселелерге бірқатар ұсыныстар енгізіліп, фронт-офис мүшелеріне және жоба әкімшілеріне тиісті тапсырмалар берілді.