Қазақстанда оқу жылының мерзімі мен каникулдардың уақытын жаңаша белгілеу ұсынылды

Оқу жылы, каникул, Оқу-ағарту министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 21:28 Сурет: Zakon.kz
ҚР Оқу-ағарту министрлігі жаңа бұйрықтың жобасын "Ашық НҚА" порталында жариялады. Онда Қазақстан оқушыларының оқу жылының басталуы мен аяқталуының мерзімдері, сондай-ақ демалыс уақыты жаңаша белгіленген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында алдағы оқу жылы 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2024 жылдың 25 мамырына (қоса есептегенде) дейін жалғасатын болады.

1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсандардың және демалыстардың ұзақтығы: 

  • I-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – 7 күн (2023 жылғы 30 қазаннан бастап 5 қарашаны қоса алғанда);
  • II-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – 10 күн (2023 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда);
  • III-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – 11 күн (2024 жылғы 21-31 наурыз аралығында);
  • 1-сыныптарда қосымша демалыс – 7 күн (2024 жылғы 5-11 ақпан аралығында).
  • IV-тоқсан – 8 оқу аптасы.

Сонымен қатар 9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2024 жылғы 29 мамырдан бастап 10 маусым аралығында, ал 11 (12)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2024 жылғы 28 мамырдан бастап 11 маусым аралығында өтеді

Бұйрық жобасы қоғамдық талқыға 11 қыркүйекке дейін ұсынылып отыр.  


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: