Алматыда дүкен ішінде бойжеткеннің омырауын ұстап алған ер адам Атыраудан табылды
Сурет: Zakon.kz
Алматыда дүкенде бойжеткеннің омырауын ұстап алған ер адам Атырауда ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 тамызда Алматы қаласында супермаркеттердің бірінде бойжеткеннің кеудесіне қол салған ер адам Атыраудан анықталып, ұсталды.
"1988 жылғы Атырау қаласының тұрғыны өз кінәсін толықтай мойындап, ондай әрекетке алкогольдік мас күйде болған кезде барғанын айтқан. Құқықбұзушылық әрекеті үшін күдікті ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен, яғни ұсақ бұзақылық дерегі бойынша 5 тәулік әкімшілік қамауға алынды", делінген полиция хабарламасында.
Айта кетсек, Алматыда қызға қырындамақ болған курьердің басы дауға қалғаны хабарланған болатын. Ол мотоцикльмен қыздың жанынан өтіп бара жатып, оның жамбасынан "салып" жібереді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript