Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда ер адам жалған төлем түбіртектерімен телефондарды сатып алған

Адамдарды алдаған алаяқ ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2022 12:41 Сурет: Алматы қалалық полиция департаменті
Алматыда 33 жастағы ер адам жалған төлем түбіртектерімен телефондарды сатып алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полицейлер Алматының кемінде үш тұрғынын алдап кеткен 33 жастағы ер адамды ұстады.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, Т.есімді азамат сайтқа ұялы телефондарды сатып алу туралы хабарландырулар орналастырды.

Әлеуетті клиентпен кездесуде ол банктің қолдан жасалған түбіртегін көрсетіп, ақшаның бір тәулік ішінде түсетініне сендіріп, тауарды алып, белгісіз бағытқа жасырынған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Қазір тергеушілер алаяқтық бойынша 3 деректі анықтады. Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағына (Алаяқтық) сәйкес, қылмыстық іс тіркелді. Күдікті бұрын осыған ұқсас қылмыстарды жасағаны үшін сотты болған, – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Қазір күдіктінің қалада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың суретін мұқият қарап шығуларыңызды сұрайды.

Оның әрекетінен зардап шеккендердің барлығын тәртіп сақшылары мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-707-447-07-50; 8-747-699-70-02.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: