Желіде 1995 жылы Назарбаев түзету енгізген Конституция жобасының көшірмесі жарияланды
Сурет: Instagram/elbasy_nazarbayev
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі тарихи құжаттың көшірмелерімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз! Осы атаулы күнде 1995 жылдың сәуірінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қарауына ұсынылған тарихи құжат – Конституция жобасының көшірмелерімен бөлісіп отырмыз. Бұл бірегей құжаттардан Нұрсұлтан Назарбаевтың жас және тәуелсіз мемлекеттің болашақ Конституциясының мәтініне бірқатар түзетулер мен ескертулер енгізгенін көруге болады", делінген хабарламада.
Сурет: Instagram/elbasy_nazarbayev
30 тамызда Қазақстанда Конституция күні атап өтіледі. Қазақстан 1991 жылы егемендікке ие болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript