Ақтөбелік өз үйінің ауласынан зениттік қондырғының патронын тауып алды

БТР оғы, Ақтөбе, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2023 20:38 Сурет: polisia.kz
Табылған зат тексеру барысында БТР зениттік қондырғысының 20 сантиметрлік патроны екені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 қыркүйекте 102 арнасына жергілікті тұрғын хабарласып, өз үйінің ауласында жер қазып жатып, бронетранспортердің патронына ұқсас затты тауып алғанын айтқан. 

"Оқиға орнына келіп жеткен жедел-тергеу тобы қажетті іздестіру іс-шараларын өткізді. Табылған зат тексеру барысында БТР зениттік қондырғыларының 20 сантиметрлік патроны екені анықталды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", делінген полиция хабарламасында.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: