Хромтауда бесінші қабаттан секірмек болған әйел: Мені жайыма қалдырыңдар!
Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Ақтөбе облысы Хромтау қаласында тұрғын үйлердің бірінің бесінші қабатынан секірмек болған әйел құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік ПД баспасөз қызметі 6 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында 102 арнасына белгісіз әйелдің бесінші қабаттағы терезеден секіргелі жатқаны туралы хабар түскенін хабарлайды.
"Оқиға орнына шұғыл жеткен кезекшіліктегі учаскелік полиция инспекторлары ұзақ ойланбастан шатырға көтеріліп, әйелмен әңгімелесіп, оны сабырға шақырған. Ал әйел жылап, өзін жайына қалдыруды сұраған. Осы сәтте полиция капитаны Райымбек Оңғарбаев өз өмірін қатерге тігіп, шатырдан балконға секіріп, әйелді құтқарып қалды", делінген полиция хабарламасында.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript