Ақтөбелік зейнеткер алаяққа 1 млн теңгесін ұстата салған

1 миллион теңге, алаяқтық, Ақтөбе, зейнеткер, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2023 23:40 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде 89 жастағы зейнеткердің үй телефонына белгісіз әйел қоңырау шалып, өзін тергеуші ретінде таныстырған. Қоңырау шалушы қарияға қызының жол апатына түрткі болғанын, мәселені шешу үшін шұғыл түрде 6 млн теңге қажет екенін айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, зейнеткер 1 млн теңге сомасындағы барлық ақшасын жинап, кіреберіс алдында күтіп тұрған курьерге табыстаған.


"Аталған факт бойынша Түркістан облысының 27 жастағы тұрғыны анықталды. ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Бүгінгі таңда күдіктінің облыс аумағындағы алаяқтықтың бес фактісіне қатысы бары анықталды, жалпы шығын 13 миллион теңгеден асады", делінген полиция хабарламасында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: