Жаңалықтар тізбегі
0

Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ұсталып, УҰИ-ға қамалды

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері, Елдос Қоспаев, Қаржылық мониторингі агенттігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2023 19:12 Сурет: ҚР ҰҚК
Халықаралық іздеуде болған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Елдос Қоспаев, Айдос Қоспаев, Айбек Қоспаев, Руслан Шалин, Оксана Кудряшова, Алексей Кузнецов, Ерлан Имашев ұсталып, сот шешімімен уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі ақпарат таратты.

ҚМА мәліметінше, қылмыстық топ күш пен қоқан-лоқы қолданып, кәсіпкерлердің мүлкін басып алу, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында көлеңкелі кәсіпкерлікті жүзеге асырды деген күдікке ілінген.

Рейдерлік тәркілеу және заңсыз әрекеттерге қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Бұған дейін ҚР ҰҚК арнайы операция жүргізіп, оның қорытындысы бойынша 6 қыркүйекте Солтүстік Кипрден Қазақстанға Елдос Қоспаев басқарған ұйымдасқан қылмыстың топтың жеті мүшесін, оның ішінде өзін де этаппен жеткізгені хабарланған

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: