Полиция кәріз суын көшеге төккен ондаған жүргізушіге айыппұл салды
Сурет: видеодан алынды
Еліміздің аумағында сұйық-тұрмыстық қалдықтарды төгуге арналған 200-ге жуық полигон жұмыс істейді. Алайда ассенизаторлардың кейбір жүргізушілері өз пайдасын ойлап, қоқыс пен нәжісті қалалардың кәріз желілеріне ағызады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция салдарынан өсімдіктер уланып, кәріз жүйелері бітеліп, ыстық күндері жағымсыз иіс шығарып, тұрғындардың мазасын алатынын хабарлайды.
"Жыл басынан бері 20-дан астам құқық бұзушылық анықталды. Барлығы бойынша әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдануда. Өз құзыреті шегінде полиция қызметкерлері осындай құқық бұзушыларды ӘҚБтК-нің 505-бабы "Елдімекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу" бойынша жауапқа тартады. Бұл бап бойынша санкция 20-дан 30 АЕК-ке дейінгі айыппұлды көздейді. Республика бойынша осыған ұқсас құқық бұзушылықтар үшін 130 мыңнан астам құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды, оның 12 мыңы Астана қаласында және 17 мыңы Алматы қаласында, Қарағанды облысында - 18 мыңға жуығы", – деп атап өтті ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау полициясы басқармасының бастығы Асылбек Ыдырысов.
Полиция жұмысының сервистік моделге көшуіне байланысты ІІМ келіп түскен құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларға жедел ден қоюға аса мән береді.
Полиция азаматтарды табиғат қорғау заңнамасын бұзушылармен күресте белсенді болуға, анықталған құқық бұзушылықтар туралы дереу "102" арнасына хабарлауға, мүмкіндік болса, дәлел ретінде пайдалану үшін бейнежазбаға түсіріп алуды сұрайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript