Қосшыда белгіленбеген жерге кәріз суын төккен арнайы көлік жүргізушісі жазаға тартылды
Автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 505-бабы, яғни "Қалалар мен елдімекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бүлдіру, қалалар мен елдімекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау" бойынша әкімшілік жаза қолдану арқылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толытырылды.
Қала маңындағы өңірлерді абаттандыру саласындағы бұзушылықтарды анықтау мақсатында 19-30 шілде аралығында Ақмола облысы ПД табиғатты қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері Қосшы, Целиноград және Аршалы аудандарына барды.
Жүргізілген рейд барысында полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы, яғни "Абаттандыру ережелерін бұзу" бойынша 78 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде өрескел бұзушылықтың 5 фактісі есепке алу кітабына тіркеліп, кінәлі адамдарды (ассенизаторлық көліктердің жүргізушілері) жауапкершілікке тарту үшін құжаттар Ақмола облысының Экология департаментіне берілді.