Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да ауыр қылмыс жасады деп айыпталған шенеунік Қырғызстанға қашпақ болған

Мәди Отарбаев, БҚО, шенеунік, қылмыстық іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2023 19:35 Сурет: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Мәди Отарбаев лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылдың мамыр айынан бастап шенеунікке қатысты қылмыстық қудалау органы ешқайда кетпеу туралы қолхат тағайындап, белгіледі. Тамыз айында сот оған қатысты бұлтартпау шарасын қамауда ұстау түріне өзгертті. Бұл туралы Уральская неделя басылымы жазады.

"Отарбаев өзіне қатысты белгіленген бұлтартпау шарасын бұзып, соттан жасырынуға тырысты (сотқа Антикордың ШҚО бойынша департаментінің 03.08.2023 жылғы рапорты ұсынылды, онда М.Ж. Отарбаевтың 03.08.2023 жылғы сағат 00:57-де "Қордай" шекара бекеті арқылы шекараны кесіп, Қырғыз Республикасына өтпек болған әрекеті баяндалған). Ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін ауыр қылмыстар санатына жататын қылмыс жасады деп айыпталады. Сот прокурордың сотталушы М. Ж. Отарбаев жасырынып, істі қарауға кедергі келтіруі мүмкін, сондықтан оған қатысты белгіленген бұлтартпау шарасын неғұрлым қатаң түріне өзгеру қажет деген пікірімен келісті", делінген сот қаулысында.

Сотта Мәди Отарбаев пен оның адвокаты бұлтартпау шарасын бұрынғы күйінде қалдыруды сұрады. Сотталушы отбасылық мән-жайлар мен денсаулық жағдайы бойынша Қазақстаннан кетпек болғанын дәлелдеуге тырысты. Ол Бішкекте медициналық тексеруден өткісі келген. 

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталғаны хабарланған болатын

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: