Жаңалықтар тізбегі
0

"Үйінің жұмысын істетеді". Қол астындағылардың шағымынан соң шенді Антикордың назарына ілікті

Прокуратура, Текелі қаласы, ТКШ бөлімі бастығы, әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2023 21:27 Сурет: gov.kz
Прокуратура жергілікті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыптаған Еңбек биржасы қызметкерлерінің дәлелдерін тексеру үшін Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Текелі қаласының Еңбек биржасының қызметкерлері ТКШ бөлімінің басшысы Ғалым Қызылбаевты өздеріне қоқан-лоққы көрсетті, сондай-ақ үйінде жұмыс істеуге мәжбүрледі деп айыптаған. Оның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Қоғамда туындаған резонанстан кейін облыстық прокуратура істі қолға алды.

"Бұл факт 2023 жылы 16 қыркүйекте Текелі қалалық прокуратурасында тіркелді және дәлелдер тексеру үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментіне жолданғанын хабарлаймыз. Оның нәтижелері бойынша тиісті құқықтық баға беріледі", делінген қадағалау органының Zakon.kz редакциясының сауалына берген жауабында.

Іс Текелі қаласы прокуратурасының бақылауында. Антикордың тергеу нәтижелері кейінірек белгілі болады.

Шенді өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, жала жабу фактісі бойынша сотқа жүгінбекші. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: