Атырауда кейбір компания жұмысшыларына зейнетақы мен әлеуметтік аударымдар аудармаған

Теңге, зейнетақы, әлеуметтік аударымдар, жұмысшылар, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2023 21:24 Сурет: pixabay
Атырау облысында кейбір компаниялар жұмысшыларына зейнетақы мен әлеуметтік аударымдар жүргізбеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жылыой ауданының прокуратурасы аудан аумағында жұмысшылардың еңбек құқықтарын бұзу фактілерін анықтады.

"Батыс Тех Инвест" ЖШС-нің жұмысшыларына еңбек ақыларын төлемеу, сондай-ақ "ЖылыойСу" МКК-мен Теңіз кен орнында "ИнтерТаско" ЖШС-нің жұмысшыларына зейнетақы және әлеуметтік аударымдары жүргізілмеу жағдайлары анықталды". Атырау облысының прокуратурасы

Прокурорлық қадағалау актілері негізінде 180 жұмысшыларға 32 млн теңге көлемінде еңбек ақылары және 744 жұмысшыларға 48 млн теңге көлемінде зейнетақы және әлеуметтік аударымдары өндірілгені де нақтыланады. 


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: