Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да мемлекеттік шекараны заңсыз кеспек болған 95 адам құрықталды

Брифинг, БҚО, мемлекеттік шекара, ҰҚК, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2023 18:55 Сурет: БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі
Шекара қызметінің әскери қызметшілері ҰҚК-мен бірлескен іс-шаралар нәтижесінде Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік шекараны бұзған 95 тұлғаны анықтап, ұстады. Бұл туралы брифингте ҚР ҰҚК Шекара қызметі БҚО бойынша департаментінің аға офицері мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Cпикердің айтуынша, ұлттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерінің бірі – бұл бақылаусыз заңсыз көші – қон процестері. Осыған байланысты өңірде бірқатар іс-шаралар өткізіліп, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және шетелдік арнайы органдардың бірлескен іс-шараларының нәтижесінде заң бұзушылар анықталып, жауапкершілікке тартылуда. 

"Олардың басым бөлігі Үндістан, Ауғанстан, Өзбекстан, Әзербайджан, Шри-Ланка сонымен қатар, Сомали елдерінің азаматтары. Аталмыш шекара кеңістігінде тәртіп бұзған шетел азаматтары Батыс Қазақстан облысының Ресей Фередарциясымен шекаралас аймағында ұсталып белгіленген тәртіпке сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған".ҚР ҰҚК Шекара қызметі БҚО бойынша департаментінің Шекаралық бақылау мамандарын даярлау бөлімінің аға офицері Мейрамгүл Бекболатқызы

Сондай-ақ шекара аймағында шекара режимiн және жекелеген жерлерде болу тәртiбiн бұзу ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 510-бабына сәйкес 5,10 және 75 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылғаны нақтыланады. Осы кодекстің 514-бабына сәйкес ҚР Мемлекеттік шекара режимін бұзу 10 нан 50 айлық есеп көрсеткішінде айыппұл салу, 10 күнге әкімшілік қамауға алу немесе ҚР шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жаза түрлері қарастырылған.

"Бұл мемлекеттік шекара режимін бұзған тұлғаларға қолданылатын әкімшілік жаза түрі болса, мемлекеттік шекараны қасақана бұзу ҚР Қылмыстық кодексімен қаралып, сәйкесінше 392 және 394-баптарымен жауапкершілікке тартылады",- деді М.Бекболатқызы.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: