Таразда жүргізуші куәлігін "сатушы" алаяқтарға қатысты сот үкімі шықты

Сот үкімі, Тараз, мамандандырылған ХҚКО, жүргізуші куәлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2023 19:45 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Таразда мамандандырылған ХҚКО-ларда құжаттарды рәсімдеу кезіндегі заңға қайшы орын алған фактіге қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мәліметінше, Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Ж.Е.Мамырайымов пен Е.Б.Дәулетке алаяқтық үшін 4 жылға бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды.

"Аталған тұлғалар 2021-2022 жылдар аралығында жүргізуші куәлігін алып беру сылтауымен 8 азаматты алдап, 150 000-300 000 теңге көлемінде ақшаны иемденген. Алынған ақшаның жалпы сомасы 1,2 млн теңгені құрайды. Үкім заңды күшіне енді", делінген ведомство хабарламасында.

Антикор қабылданып жатқан шаралар аясында, мамандандырылған ХҚКО-ларда құжаттарды рәсімдеу бойынша делдалдардың заңсыз әрекеттеріне назар аударады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: