Ақтауда спортшы қыздың өліміне қатысты сот үкімі шықты

Сот үкімі, Ақтау, спортшы қыздың өлімі, Валерия Шальнова, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2024 18:31 Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 21 жастағы спортшы Валерия Шалнованың өліміне қатысты істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы Валерия Шалнованы соққыға жығып, сондай-ақ оның дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық сипаттағы әрекеттерді жасаған.

"Сотталушы бұл әрекеттерін жасыру үшін жәбірленушіні тұншықтырып, есінен танғанда оны суға лақтырған. Жәбірленуші суға тұншығып көз жұмды", делінген сот хабарламасында.

Сотталушының кінәсі Шалнованың өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сараптамалардың қорытындылары және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Сот спортшы қызды өлтірді деп айыпталған сотталушыны 22 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, Валерия Шальнованың денесі 2023 жылы 2 шілдеде MAEK су қоймасы маңынан табылды. Полиция ҚР ҚК 105-бабы, "Суицидке жеткізу" бойынша тергеуді бастады. Содан кейін іс ҚР ҚК-нің 119-бабы, "Қауіпті жағдайда қалдыру", ал кейінірек ҚР ҚК-нің 99-бабы - "Кісі өлтіру" бойынша қайта тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: