Жаңалықтар тізбегі
0

"Коммерциялық ғимарат, көп ақша". Қайрат Боранбаевтың қандай мүліктері тәркіленеді

Қайрат Боранбаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2023 18:31 Сурет: Instagram/kairat4
2023 жылы 15 қыркүйекте кәсіпкер Қайрат Боранбаев алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сот алқасының төрағасы Айсұлу Сламбекова сот қаулысына сәйкес, сотталушыдан тәркіленуі тиіс мүліктердің тізімін жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін апелляциялық сот кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты істі қарады деп хабарланған болатын. Ол алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот алқасының төрағасы Айсұлу Сламбекова атап өткендей, сот Қайрат Боранбаевтан мемлекет кірісіне мына мүліктерін тәркілеу туралы қаулы шығарды:

  • Алматы қаласы, әл-Фараби көшесі, 77/7-1 мекенжайындағы құны 686 млн теңге болатын коммерциялық ғимарат жер учаскесімен бірге,
  • Халық банкі шотындағы 1 млрд 270 млн 190 мың теңге қаражатын,
  • Боранбаевтың Қазақстан Халық банкінде түрлі шоттарда жатқан: 5 млн 685 мың 727 доллар, 1 млн 170 мың 329 доллар, 755 млн 859 мың 601 теңге, 193 млн 170 мың 137 теңге сомасындағы ақшалай қаражат.

Кәсіпкер Қайрат Боранбаевты ұсталып, қамауға алынғаны туралы 2022 жылы 17 наурызда белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: