Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда есірткі сату күдігімен екі шетелдік ұсталды

Полиция, Павлодар, есірткі қылмысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2023 10:50 Сурет: Zakon.kz
Павлодарда 1987 жылғы Түркия азаматы ұсталды. Ол есірткі сақтап, оны сатумен айналысқан деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, ұсталған ер адамның телефонын тексеру барысында есірткі салған екі орын анықталды, ол арадан есірткіге ұқсас заттары бар екі пакет алынды.

"Сонымен қатар тінту барысында ұсталған адамның үйінен есірткі салынған орауыш материал және "мефедрон" заты салынған пакет тәркіленді, бұл сараптамамен расталды", делінген хабарламада.

Бұл факті СДТБТ-да ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі 1,5-тармақтары (адамдар тобының алдын ала сөз байласу, ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы жасаған психотроптық заттардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша тіркелген. Тергеу сотының санкциясымен түрік азаматы 2 айға қамауға алынды.

Сондай-ақ қазіргі уақытта бұл іс бойынша күдіктінің сыбайласы - 1982 жылғы РФ азаматы ұсталды, оған қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: