Абай облысында есірткі сақтаумен айналысқан шетелдік ұсталды

Абай облысында есірткі сақтаумен айналысқан шетелдік ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2026 18:34 Сурет: polisia.kz
Абай облысында есірткі сақтау және оны буып-түюмен айналысты деген күдікпен шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына Семей қаласы аумағында жүрген шетел азаматының есірткі заттарын заңсыз сақтауға қатысы болуы мүмкін екені туралы жедел ақпарат түскен.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ЕҚҚІБ қызметкерлері "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп, аталған қылмысқа күдікті ретінде көршілес мемлекеттен келген 18 жастағы шетел азаматын анықтап, ұстады.

Жеке тінту барысында одан қоңыр түсті сұйықтық құйылған, изолентамен оралған пластикалық ыдыстар және Redmi ұялы телефоны тәркіленді. Сонымен қатар ұсталған жерді қарау кезінде Honor телефоны алынды.

Атап айтқанда, әртүрлі түсті сұйықтықтар құйылған 117 пластикалық ыдыс, ұнтақ тәрізді заттар, жасыл түсті өсімдік тектес заты бар 68 полимерлі орама, сары және қара түсті изолентамен оралған қоңыр сұйықтық толтырылған 60 шприц, өзіне тән иісі бар қара түсті заты бар 101 пакет, изоленталар, кеңсе тауарлары, шприц қаптамалары, неодим магниттері, аккумуляторлық батареялар, электрондық таразылар және "жасырын қойма" жасауға арналған басқа да заттар анықталды.

Тәркіленген барлық заттар есірткі, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорларының бар-жоғын анықтау үшін сот-сараптамалық зерттеуге жолданды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, күдіктінің каннабиноидтарды қолданғаны анықталған, алайда ұсталған сәтте масаң жағдайда болу белгілері тіркелмеген.

Жауап алу барысында жас жігіт кінәсін толық мойындады. Оның айтуынша қазан айында Қазақстан Республикасына келіп, есірткі сатумен айналысатын дүкенге курьер-қоймашы ретінде жұмысқа тұрған. Куратордың нұсқауымен ол жасырын жерден есірткінің бір партиясын алып, оны жеке орамдарға бөлген. Келесі күні Байжанов көшесі маңында бірнеше жасырын қойма қалдырғаннан кейін полиция қызметкерлері тарапынан ұсталған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: