Алматыда діни экстремистік әдебиеттерді таратқан шетелдік ұсталды

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2025 14:54 Фото: pexels
Алматыда діни экстремистік әдебиеттерді таратты деген күдікпен шетелдік азамат ұсталды.

Алматы полициясы қалалық ҰҚКД мен полицияның арнайы жасақтарының көмегімен шетелдік азаматты ұстады. Оның діни жоралғыларды, оның ішінде оккультизммен айналысқаны, сондай-ақ Қазақстанда тыйым салынған экстремистік ұйымның идеологиясының белгілері бар діни материалдарды таратқаны белгілі болды.

Рұқсат етілген тінту кезінде тергеуге қатысы бар заттар мен материалдар тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан деструктивті діни идеологияны таратуға бағытталған кез келген іс-әрекеттерге тосқауыл қойылады. Ұлттық қауіпсіздік пен конфессияаралық татулық – біздің жұмысымыздың басым бағыты", — деді, Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: