Оралда полицейлер есірткі сатумен айналысқан күдіктіні құрықтады
Фото: polisia.kz
Оралда полиция қызметкерлері Қостанай облысының тұрғынын есірткі сатумен айналысты деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Орал қаласында полиция қызметкерлері Қостанай облысының 18 жастағы тұрғынын ұстады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жас жігіттен ішінде ақ түсті ұнтақ заты бар 37 "зип-пакет" тәркіленді.
Сондай-ақ күдікті есірткі жасырған жерлерді көрсетіп, нәтижесінде ішінде ақ түсті ұнтақ заты бар 5 "зип-пакет" тәркіленді.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript