Алматыда төрт күн ішінде 695 көші-қон заңнамасын бұзу фактісі тіркелді

Көші-қон заңнамасын бұзу фактісі, Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2023 12:14 Сурет: ҚР ІІМ
Алматыда арнайы жүргізіліп жатқан іс-шараның төрт күнінде 695 көші-қон заңнамасын бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының мәліметінше, ҚР болу ережелерін бұзғаны үшін 209 шетелдік жауапкершілікке тартылса, шетелдіктердің ҚР болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 122 қабылдаушы заңды және жеке тұлғаға айыппұл салынды.

"Сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 206 шетел азаматы ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды. 34 шетелдік сот шешімімен Қазақстаннан шығарылды", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ Алматы полициясының қызметкерлері жедел іс-шара барысында РФ-ның Самара облысының полицейлерімен іздеуде жүрген 1992 жылы туған Ресей Федерациясының қылмысқа қатысы бар азаматын ұстады.

Алдында удай мас шетел азаматы есік алдында тұрған көліктердің терезесін шаққаны хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: