Астанада удай мас шетел азаматы есік алдында тұрған көліктердің терезесін шаққан

Полиция, Астана, бұзақылық, мас, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2023 11:58 Сурет: Zakon.kz
Ер адам көпқабатты тұрғын үйдің ауласында тұрған Toyota көлігінің әйнегін шақты. Бір сағаттан кейін ол басқа тұрғын үйдің ауласында Chevrolet Cobalt көлігінің әйнегін сындырып, бір бұзақылықты екі рет қайталаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Өзбекстан Республикасының 37 жастағы азаматын анықтады.

Мас күйде болған шетелдіктің тағы осыған ұқсас екі фактіге қатысы бары анықталды.

Ер адам өз кінәсін мойындады. Ол айықтырғыш орынға тоғытылды. Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, оның елорда аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатыстылығын тексеру жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: