Астанада жаңа танысын ұрып-соғып, жеке заттарын тартып алған азамат анықталды
Отырыс кезінде олардың арасында жанжал туындап, оның барысында жігіт ер адамды ұра бастаған. Содан кейін ол жәбірленушінің спорттық күртешесін, смарт-сағатын шешіп алып, Samsung J3 телефонын тартып алып, белгісіз бағытқа қашып кеткен.
Дереу полицияның жеке құрамы жігіттің орналасқан жерін анықтауға бағытталды. Күдіктіні сипаттайтын егжей-тегжейлі бағдар жасалды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданының полиция қызметкерлері күдіктіні “ізін суытпай” ұстады. Ол 25 жастағы жігіт болып шықты.
Ол мойындау көрсетпелерін берді. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері ұрланған заттар мен ұялы телефонды алып, иесіне қайтарып берді.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды ескертеді. Бейтаныс адамдар арасында болған кезде қымбат гаджеттер мен үлкен ақшаны көрсетпеуге тырысыңыз.
Егер сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалса, дереу полицияға хабарлау қажет.