Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада мопедтің автобөлшегін шешіп алып кеткен жігіт анықталды

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2024 14:32 Фото: pxhere
Полицияға қала тұрғыны жүгініп, үйдің ауласында тұрған баласына тисілі мопедтің аккумуляторын белгісіз біреудің ұрлап әкеткенін айтып арызданған.

Сарыарқа ауданы полиция бөлімі криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлыққа қатысы бар жас жігітті анықтады.

Тергеу барысында жігіт күндізгі уақытта Соқпақбаев көшесінде кетіп бара жатып, аулада тұрған "М8-49СС мопедті байқағаны белгілі болды.

Қылмыстық пиғылмен көлікке келіп, жан-жағында ешкім жоқ екеніне көз жеткізген соң, ол мопедтің аккумуляторын шешіп алып кеткен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жігіт автобөлшекті өз көлігіне салу үшін ұрлағанын мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізіліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуға, көліктеріңізді күзет дабылы жүйесімен жабдықтауға кеңес береді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: