Астанада екі ер адам тұрғынды тонап кеткен

Астанада екі ер адам тұрғынды тонап кеткен, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2024 17:40 Сурет: Астана қаласының полиция департаменті
Полицияға қала тұрғыны жүгініп, таңертеңгі уақытта оның жеке мүлкін тонап әкеткенін айтып арызданған, деп хаюарлайды Zakon.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, ол Достық көшесінде орналасқан асханаға келген кезде бейтаныс екі жігітпен танысқан. Әңгіме барысында олардың арасында жанжал туындап, ер адамдардың бірі кенеттен оның сөмкесін тартып алып, қасындағы досына берген. Жәбірленуші тонаушыларды тоқтатуға тырысқанымен, күдіктілер сөмкеден Redmi телефоны мен жеке құжаттары салынған сөмкені алып қашып кеткен.

Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тонау жасады деген күдікпен 29 және 44 жастағы қала тұрғындарын анықтады. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамдар Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: