Жаңалықтар тізбегі
0

Талғарда ақ халаттыларды соққыға жыққан күдіктілер анықталып, қамауға алынды

Тергеу изоляторы, Талғар аудандық орталық ауруханасы, ақ халаттылардың соққыға жығылуы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2023 18:50 Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Алматы облысының полициясы Талғар қаласында медициналық қызметкерлерді ұрып-соққан күдікті екі адамды уақытша ұстау изоляторына тоғытты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қозғалған қылмыстық іс бойынша жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

"ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігіне сәйкес денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған".Алматы облысы ПД баспасөз қызметі


Қылмыстық іс облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

2023 жылы 19 қыркүйекте қайтыс болған науқастың туыстары Талғардағы орталық аудандық аурухананың жан сақтау бөлімінің дәрігері мен мейіргерін сабаған. Зардап шеккен ақ халаттыларға сынық, көгеру диагнозы қойылды, олардың жағдайы ауыр деп бағаланады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: