Алматы облысында жол апатын жасаған полиция қызметкері қамауға алынды
Сурет: kris_p_tuzbastau
Алматы облысында жол-көлік оқиғасын жасаған Ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Zakon.kz
23 қаңтар күні Талғар автожолының 12 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Toyota Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Honda Stream-ге соғылған еді. Апаттан кейін Prado жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Ол кейіннен ұсталды.
ЖКО салдарынан Honda Stream маркалы көлігінің 20 жастағы жолаушысы қайтыс болды. Ал жүргізуші дене жарақатын алды.
Жол талғамайтын көлікті ішкі істер органдарының қызметкері басқарғаны анықталды.
Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, 24 қаңтарда облыстық ПД тәртіптік комиссиясының шешімімен ол ішкі істер органдарынан шығарылды. Факті бойынша оқиғаның барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript