Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында өзін тоқтатқан полицейді такси жүргізушісі ұрып жіберген

Полиция, әкімшілік хаттама, айыппұл, такси жүргізушісі, Жамбыл облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2023 20:27 Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысы Қордай ауданының тұрғыны өзіне әкімшілік хаттама толтырып жатқан полицейдің мойнынан жиналмалы пышағымен ұрған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы-Ташкент тас жолының 168-ші шақырымында жол ережесін өрескел бұзғаны үшін полиция қызметкері Жамбыл облысы Қордай ауданының 61 жастағы тұрғыны тізгіндеген "Тойота Карина" маркалы автокөлігін тоқтатқан, деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұзушылықты тіркеу кезінде жүргізуші патрульдік полиция батальоны қызметкерінің мойнына бір рет жиналмалы пышақпен ұрған. Полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 380-1-бабы 1-бөлігі бойынша (құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғушылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


"Жауап алу кезінде ер адам әйелінің қайтыс болуына және тұрмыстық мәселелерге байланысты депрессиялық жағдай оны осындай үмітсіз қадамға итермелегенін түсіндірді. Өзінің ойланбай жасаған әрекетінің ауырлығын түсініп, жасаған ісіне өкінетін жеткізді.  Ұсталған адам Қордай АПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қызметтік тергеу тағайындалды", делінген өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: