Жамбыл облысында екі оқушының өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Қаракемер ауылында екі жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2026 16:36 Сурет: pexels
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Қаракемер ауылында екі жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде 2026 жылғы 15 сәуірде тараған ақпаратқа сәйкес, екі 9-сынып оқушысының денесі таңертең бір қорадан табылған. Алдын ала деректер бойынша, жасөспірімдер өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Қайтыс болғандар әртүрлі отбасынан шыққан.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді", – делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент қаласында 8-сынып оқушысының өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: