Шымкентте сыбайлас жемқорлық бойынша атышулы іске нүкте қойылды
Сурет: Zakon.kz
Шымкентте Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары мен бөлім бастығы пара алды деп күдікке ілінген. Олар кәсіпкерден жер учаскесін мемлекет меншігіне алу кезінде кедергісіз өтемақы төлеуі үшін 5 млн теңге сұраған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айыпталушылардың кінәсі сотта толықтай дәлелденді. Шенеуніктер қызметінен айырылды, бірақ түрмеден сытылып кетті, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Сондай-ақ басылым мәліметінше, басшының орынбасары 50 миллион теңге, ал бөлім бастығы мемлекетке 58 миллион теңге төлеуі керек. Іс материалдарында басқарма басшысының да аты аталады. Оған бірнеше рет пара алды деген айып тағылады. Атап айтқанда, бөлім басшыларынан қызметтік міндеттерін орындау кезінде жалпы қолдауы үшін ол 200 мыңнан 800 жүз мың теңгеге дейін пара алған деп күдікке ілінді. Шендігі қатысты жаза әлі айқындалған жоқ.
"Шымкент қаласының Сәулет басқармасы басшының орынбасары мен бастығына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды. Олар сотталды. Сәулет басқармасы басшысының орынбасарына 50 млн теңге, бөлім басшысына 58 млн теңге айыппұл салынды. Олар өз қызметтерінен босатылды". ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Рүстем Танабаев
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жер қатынастары саласы Шымкенттің ең осал тұсы болып табылатындығын айтады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript