ҰҚК Қазақстан арқылы Еуропа елдеріне бағытталған заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті
Сурет: ҚР ҰҚК
2023 жылы 18 қыркүйекте Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырды және пара берді деген күдікпен Қазақстанның екі азаматы мен шетелдікті ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҰҚК мәліметінше, тінту барысында қолдан жасалған құжаттар, сондай-ақ бірқатар шет мемлекеттердің өткізу пункттерінің күні көрсетілген мөртабан таңбалары анықталды.
"Материалдар Қылмыстық кодекстің 367 және 394-баптары бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", делінген 26 қыркүйекте ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Тергеу болжамы бойынша, олар заңсыз мигранттарды Қазақстан аумағы арқылы Еуропа елдеріне өткізуді жоспарлаған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
