Ақтөбелік полицейлер сәбиін шайханаға тастап кеткен келіншекті тапты

Шайханаға баласын тастап кеткен келіншек, Ақтөбе, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2023 15:11 Сурет: polisia.kz
29 қыркүйекте Ақтөбедегі шайханалардың бірінің қызметкеріне үш айлық сәбиін ұстай тұруын өтінген келіншек сол күйі кері оралмаған. Содан полиция шақыруға тура келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ювеналды полиция қызметкерлері баланы сәбилер үйіне жеткізді.

"Полицейлер 31 жастағы жалдамалы пәтерде тұратын келіншекті іздеп тауып, бөлімшеге жеткізді. Әйелдің айтуынша, ол таныстарын кездестіріп, артынша олармен алкогольді ішімдік ішкен". Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Келіншекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ол профилактикалық есепке қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: