Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев "Қоғамдық бақылау туралы" заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қоғамдық бақылау туралы заң, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2023 19:50 Сурет: akorda.kz
2023 жылы 2 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қоғамдық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысы "Қоғамдық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", делінген Ақорда жариялаған қаулыда.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Айта кетсек, 2023 жылы 21 қыркүйекте сенаторлар Мәжіліс қабылдаған "Қоғамдық бақылау туралы" заңды және ілеспе құжатты мақұлдады. Заңға сәйкес петиция ұғымы енгізіледі. 

Сонымен қатар Сенатта "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ілеспе заңы екінші оқылымда мақұлданды. Заң қолданыстағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге және жекелеген заңнамалық актілерді "Қоғамдық бақылау туралы" негізгі заңның ережелеріне сәйкес келтіруге бағытталған. 


"Жоғарыда көрсетілген ережелерді іске асыруда "Су, әкімшілік рәсімдік-процестік, Экология кодекстеріне", "Қазақстандағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы","Құқық қорғау қызметі туралы", "Назарбаев университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы", "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы", "Қазақстанның арнаулы мемлекеттік органдары туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қоғамдық кеңестер туралы","Ақпаратқа қол жеткізу туралы", "Табиғи монополиялар туралы" заңдарына бір мезгілде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап ететіні нақтыланады".
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: