Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңға қол қойды

Онлайн-жарнама, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2023 18:42 Сурет: akorda.kz
2023 жылы 10 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген Ақорда хабарламасында.

Аталған заңның міндеті – әлеуметтік желіде болып жататын буллинг, азаматтарды қорлау тәрізді келеңсіз фактілерден, қаржы пирамидаларынан Қазақстанның азаматтарын қорғай отырып, елімізде саяси сепаратизм мен экстремизмнің алдын алу.

Заң жобасы онлайн платформаларды реттеудің мынандай халықаралық стандарттарына сәйкес келеді:

  • онлайн платформаларда мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту;
  • әлеуметтік желіні қолданушы және инфлюенсер (блогер) анықтамаларын беру;
  • негізгі заң жобасының терминологиясына, заңда қолданылатын түсініктерді толықтыру;
  • Онлайн платформалардың жұмысын реттеудің халықаралық тәжірибесін зерделеп, заң жобасына енгізу жөнінде;- отандық әлеуметтік желіні қолданушылардың құқын арттыру үшін әлемдік техногиганттар мен қазақстандық қолданушылардың арасындағы коммуникацияны реттеу;
  • онлайн платформаның иесі немесе оның заңды өкілі балаға қарсы кибербуллинг ақпаратты және мемлекетке қарсы контентті тартқан аккаунттарды тоқтатуға міндетті;
  • Онлайн платформаларда жарнаманы жылжыту;
  • Онлайн платформаларда модерация жүргізу;
  • жалған ақпаратты таратқаны және орналастырғаны үшін әкімшілік жауапқа тартуға қатысты мәселелер бойынша өзгерістер енгізді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: