Екі кішкентай қызын зорлады деп күдікке ілінген өгей әкеге қатысты тың мәлімет жарияланды
Сурет: pixabay
Алматы облысының Балқаш ауданында өзімен бірге тұрған әйелдің бүлдіршіндеріне азғындық жасады деген 40 жастағы күдіктіге іздеу жарияланып, полиция оны көпке ұзамай ұстады. Көңіл қосқан азаматының мұндай айуандыққа барғанынан қыздардың анасы хабардар болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әйелдің қылмысты қандай себеппен жасырғаны, неліктен дер уақытында полицияға хабар бермегені тергеуде анықталады. Немқұрайлық танытқан келіншектің өзі де қамауға алынған. Ал жантүршігерлік қылмыс жайында полицияға ауыл тұрғындарының бірі хабарлапты. Өгей әке егіздерді ұзақ уақыттан бері зорлап келген деген де күдік бар. Азап көрген бүлдіршіндерге ота жасалған, олар қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды КТК.
"Күдіктінің әйелі де қамауға алынып, сараптамалық тексерулер тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Іс облыс ПД бастығының ерекше бақылауында. ҚР ҚК 201бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді". Алматы облысы ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин
Айта кетсек, Алматы облысында өгей әке екі кішкентай қызын зорлады деген күдікпен ұсталғаны, оның әйелі де қамауға алынғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript