Алматыда қаза тапқан заңгердің бұрынғы күйеуіне қатысты шығарылған сот үкімі өзгертілді
Сурет: Zakon.kz
Алматы қалалық сотында пышақ жарақатынан қаза тапқан заңгер Айман Асанованың өліміне қатысты атышулы іс бойынша үкім жарияланды. Марқұмның бұрынғы күйеуі 11 жылға сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот шешімі 5 қазанда кешке жарияланды. Бұл туралы әлеуметтік желіде белгілі адвокат Джохар Өтебеков хабарлады.
"Жаңа ғана адвокат Айман Асанованы өлтіру ісі бойынша сот үкімі жариялады. Сот оның бұрынғы күйеуіне 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады! Сот сотталушыдан ешқандай аффект жағдайын анықтаған жоқ. Біз кісі өлтірушінің марқұмға таққан күлкі тудырарлық айыптауларынан Айманды ақтап алдық". Джохар Өтебеков, адвокат
Айман Асанова 2022 жылдың 12 қазанында түнде мерт болды. Адвокат Алматыда ауруханада көз жұмды. Оның басына, мойнына бірнеше рет пышақ жарақаттары салынған еді. Көп ұзамай кісі өлтірді деген күдікпен полицейлер марқұмның бұрынғы жұбайын ұстады.
2023 жылы 20 шілдеде Алматы қалалық соты үкім шығарды, онда сотталушы аффект жағдайында қылмыс жасады делінді. Сол себепті оған 1,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілген еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript