Tik-Tok-та танысын "жеңіл жүрісті қыз" деп айыптаған тараздық сот алдында жауап берді

Жеңіл жүрісті қыз, Жамбыл облысы, Tik-Tok, жалған мәлiмет, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2023 14:51 Сурет: pexels
Жамбыл облысының тұрғыны танысын жезөкшелікпен айналысады деп Tik-Tok әлеуметтік желісінде жалған ақпарат таратты. Өз кезегінде бойжеткен оны сотқа берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мойынқұм аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-3 б. 2-б. (жала жабу) бойынша азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта 2023 жылы қазан айында азамат А. жәбірленуші С.-ны "жеңіл жүрісті қыз" деп абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтіретін видеоны Tik-Tok әлеуметтік желісінде жариялағаны анықталды.

Сотта А. өз кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкініш білдірді. Жәбірленуші А-ны кешіріп, істі өндірісін тоқтатуды сұрады.

Сот қаулысымен А. тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік жауапкершіліктен босатылып, іс тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: