Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада күдіктілерді азаптаған төрт полицей сотталды

Сот үкімі, Астана, төрт полицей, азаптау, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 19:29 Сурет: Zakon.kz
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында тағылған айыпты мойындату үшін ұсталған күдіктілерді азаптаған төрт полиция қызметкеріне үкім шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 16 қазанда төрт полиция қызметкері алдын ала сөз байласып, ұялы телефондарды ұрлау туралы мәліметтерді немесе мойындау айғақтарын алу және қорқыту мақсатында, қалта ұрлығын жасады деп күдікке ілінген төрт адамға қатысты бірнеше рет күш қолдану арқылы психикалық зардап келтірген.

Ақырында полиция қызметкерлерінің теріс әрекеті әшкере болды. Сотта сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, сот-медициналық сараптамалардың, сот-психологиялық сараптамалардың қорытындыларымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Сотта прокурор айыпты қолдап, Т., Ә. және М.-ға мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында 3 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыра отырып, әрқайсысын 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, ал Ж.-ға мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында 3 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Жәбірленушілер соттың қалауы бойынша заң талаптарына сәйкес жаза тағайындауды сұрады.

Сот Ә. мен Ж.-ға қатысты қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде жас балаларының болуын таныды, Т. және М.-ға қатысты жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Сотталушылардың қабылдаған анттарын бұзуы, олардың жауаптылығын ауырлататын мән-жай ретінде танылды.

Сот үкімімен Т., Ә. және М. ҚК-нің 146-бабы 2-бөлігінің 1, 2) тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысын мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында 3 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ж. ҚК-нің 146-бабы 2-бөлігінің 1) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. ҚК-нің 49-бабы 1-бөлігінің негізінде М. және Ж.

Ә. "Полиция аға сержанты", және Т. "Полиция сержанты" арнайы атағынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: