Жаңалықтар тізбегі
0

"Орталық Қазэнергомонтаж" АҚ мүлкінің бұғатталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Қаражат, "Орталық Қазэнергомонтаж" АҚ, мүлкі, бұғаттау, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2023 20:46 Сурет: Zakon.kz
"ҚазТаг" "Орталық Қазэнергомонтаж" АҚ ("ОҚЭМ "АҚ) мүлкіне бұғат қойылғаны туралы ақпарат таратты. 2023 жылы 20 қазанда бұл ақпарат ресми түрде жоққа шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Орталық Қазэнергомонтаж" АҚ-тың заңгерлік қызметі "ҚазТАГ" ақпараттық платформасындағы ЖЭО-3 құрылысына тартылған "Орталық Қазэнергомонтаж" АҚ ("ЦКЭМ "АҚ) мүлкінің бұғатталған туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткізді. 

"2023 жылы 28 қыркүйекте судья Қ.Б. Сәрсекеев "Ладога" ЖК-ның "ОҚЭМ" АҚ-дан 811 500 (сегіз жүз он бір мың бес жүз) теңге сомасында берешекті өндіріп алу (асхана қызметі) туралы талап-арызы бойынша азаматтық істі қарады. Оның барысында сот арызданушының талабына сәйкес тапсырыс берушінің мүлкіне қойылған талапты қамтамасыз ету туралы ұйғарым шығарды. Атап айтқанда, судья 811 500 (сегіз жүз он бір мың бес жүз) теңге мөлшерінде талап қойылған сома шегінде "ОҚЭМ" АҚ-ның шоттарына, сондай-ақ жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салу мен шектеулер қоюды айқындады. Бұл процедура сот ісін жүргізуде стандартты шара болып табылады". "Орталық Қазэнергомонтаж" АҚ-тың заңгерлік қызметі

Сонымен қатар, банк шоттарына бұғат тек аталған сома шегінде ғана салынғаны нақтыланады, яғни "ОҚЭМ" АҚ аталған сомадан басқа қаражатты кедергісіз пайдалануда. 


"Сондай-ақ, бұл тыйым қолданыстағы 19 шоттың біреуіне ғана қолданылғанын нақтылаймыз. Қалған барлық 18 шотты компания кедергісіз пайдалануда. 2023 жылы 20 қазанда жеке сот орындаушысы  С.К. Бақтияров атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарды, оған сәйкес "ОҚЭМ" АҚ мүлкіне салынған барлық тыйым күшін жойды" деп қоса кетті "ОҚЭМ" АҚ.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: