Жаңалықтар тізбегі
0

Жұмыс берушіге қашықтан жұмыс істейтін шетелдікті жалдауға арнайы рұқсат керек пе

Жұмыс берушіге қашықтан жұмыс істейтін шетелдікті жалдауға арнайы рұқсат керек пе, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2023 14:29 Сурет: pexels
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қашықтан жұмыс істеу үшін шетелдікпен еңбек шартын жасау кезінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат қажет пе? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жауапта шетелдік қызметкер Қазақстан аумағынан тысқары жерде, яғни қашықтан еңбек қызметін жүзеге асырған кезде жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алудың қажеті жоқ екені айтылған.

Сонымен қатар Еңбек кодексінде қашықтан жұмыс істеу еңбек шартын жасасқан кезде де, еңбек шартына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіле отырып, еңбек шартының қолданылу мерзімі ішінде де белгіленетіні көзделген.

Бұл жағдайда жұмыс берушінің актісі міндетті түрде мыналарды қамтуы керек:

  • қашықтан немесе аралас дистанциялық жұмысты уақытша белгілеуге негіз;
  • жұмысы уақытша қашықтан немесе аралас қашықтан белгіленген қызметкерлердің тізімі;
  • уақытша қашықтан жұмыс істеуге негіз болған жағдайды болдырмау күнінен аспайтын қашықтан жұмыстың немесе аралас қашықтан жұмыстың кезеңі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: